Амал мерекесі тойланды

16.03.2017
11:40
24

Осы жылдың 12-13 наурыз күндері «Адай ата – Отпан тау» кешенінде Тәзіке ата ұрпақтарының ұйымдастыруымен «Амал» мерекесі аталып өтті. Бұл ұлы мерекеге Қазақстанның Атырау, Ақтөбе, Алматы, Оңтүстік, Солтүстік Қазақстан т.б. облыстарынан қөонақтар келді. Аудандық, облыстық өнер коллективтерінің қатысуымен келушілерге гала концерт ұйымдастырылды, театрландырылған қойылымдар көрсетілді. Қазақ күресінен, көкпардан, аударыспақтан, гір тасын, қой көтеруден жарыстар ұйымдастырылды. Жүлдегерлер Тәзіке ата ұрпақтары белгілеген ақшалай сыйлықтарға ие болды. Ұлы мерекеге 3200 адам қатысып, 140 экскурсия жасалды.

  «Отпан» МКҚК қызметкерлерінің ұйымдастыруымен биыл екінші рет қазақ қолөнер бұйымдарының көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Оған облысымыздың Ақтау, Жаңа өзен қалалары мен Маңғыстау, Қарақия, Мұнайлы аудандарынан және Алматы қаласынан 16 шебер қатысып, өздерінің қолдарынан шыққан бұйымдарын көпшілікке ұсынды. Көрмеге 150 адам келіп,тамашалады.


Ақпараттық ресурстар