Тарихы

Басқарма тарихы

Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы 1973 жылы 25-шілдеде Маңғышлақ облыстық Кеңес депутаттарының 1 сессиясының шешімімен құрылды.

Басқарманың жұмысы Мәдениет министрлігіне және облыстық атқару комитетіне бағынды. Бақарманың басты жұмыстары облыстың мәдени-ағарту жұмыстарын бақылау. Басқармаға облыстық кітапхана, облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығы, облыстық қуыршақ театры, тарихи-өлкетану мұражай, мемлекеттік қорық, қалалық және аудандық мәдениет бөлімдері қарайды.

«Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы қазақтың ұлттық бай өнері мен мәдениетін, сондай-ақ аймақта тұратын ұлттар мәдениетін дамытуға, азаматтарды өнегелік және эстетикалық тәрбиелеуге, облыстың мәдени өмірі саласына Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен егемендігі жөнінде ой тастауға, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге белсенді ықпал ету болып табылады. 

мәдениет және өнер саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға, перспективалық, ағымдағы, мақсатты бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру;

қазақтың ұлттық мәдениетін түлетуді, сақталуын, дамуын және жан-жақты таралуын қамтамасыз ету, сондай-ақ басқа да ұлттық мәдениеттің сақталуына, дамуына және жан-жақты таралуына қамқорлық жасау;

 облыс аумағында орналасқан барлық санаттағы тарихи-мәдени ескерткіштерді сақтау және пайдалану ережесін сақтауды қамтамасыз ету, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін есепке алуды, қорғауды және жаңғыртуды ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларға қатысу;

«Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінде оның жұмыс органы болып табылатын, басшы, оның орынбасарлары, бөлім және оған қарасты ұйымдар басшылары құрамында алқа құрылды. Алқа шешімі алқа мүшелерінің жай көпшілік даусымен қабылданады, дауыстар тең болған жағдайда, алқа төрағасы шешім қабылдайды.

 Алқа шешімі облыстың барлық мәдениет саласы бойынша органдарының орындауы үшін міндетті алқа қаулысымен іске асырылады.

03 июля 2013

Ақпараттық ресурстар