«Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттiк мeкeмeci туралы Ережесі

3-қосымша

Маңғыстау облысы әкімдігінің

2013 жылғы «__»_________№ ____

қаулысымен бекітілген

«Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы»

мемлекеттiк мeкeмeci туралы

Е Р Е Ж Е

Ұйымдық-құқықтық нысаны:   мемлекеттік мекеме (ММ)

Мемлекеттік меншік түрі:   коммуналдық

Құрылтайшысы:   Маңғыстау облысының әкімдігі

Орналасқан жері:   Қазақстан Республикасы,

Маңғыстау облысы, 130000,

    Ақтау қаласы, 23 шағын аудан 

2013жыл

1. Жалпы ережелер

1. «Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі Маңғыстау облысы бойынша мәдениет саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

2. «Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, Маңғыстау облысы әкімдігінің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. «Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, 130000, Ақтау қаласы, 23 шағын аудан. 

9. Мемлекеттік органның толық атауы:

мемлекеттік тілде: «Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде: государственное учреждение «Управление культуры Мангистауской области».

10. «Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Маңғыстау облысының әкімдігі болып табылады.

11. Осы Ереже «Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

13. «Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер облыстық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

14. «Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес дербес анықталады.

2. Маңғыстау облысының мәдениет басқармасының миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

15. «Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы қазақтың ұлттық бай өнері мен мәдениетін, сондай-ақ аймақта тұратын ұлттар мәдениетін дамытуға, азаматтарды өнегелік және эстетикалық тәрбиелеуге, облыстың мәдени өмірі саласына Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен егемендігі жөнінде ой тастауға, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге белсенді ықпал ету болып табылады. 

16. «Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері:

1) мәдениет және өнер саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға, перспективалық, ағымдағы, мақсатты бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру;

2) қазақтың ұлттық мәдениетін түлетуді, сақталуын, дамуын және жан-жақты таралуын қамтамасыз ету, сондай-ақ басқа да ұлттық мәдениеттің сақталуына, дамуына және жан-жақты таралуына қамқорлық жасау;

3) облыс аумағында орналасқан барлық санаттағы тарихи-мәдени ескерткіштерді сақтау және пайдалану ережесін сақтауды қамтамасыз ету, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін есепке алуды, қорғауды және жаңғыртуды ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларға қатысу;

4) мәдениетті дамытуға бағытталған фестивальдерді, байқауларды, конкурстарды, ақындар айтысын және басқа да іс-шараларды өткізу, сондай-ақ  мемлекеттік және өзге де ұйымдармен тығыз байланыста конференцияларды, семинарларды, оқыту және тәжірибе алмасудың басқа да нысандарын ұйымдастыру;

5) мәдениетті, өнерді сақтау, дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша облыстық ведомстволардың, ұйымдар мен кәсіпорындарының қызметін үйлестіру;

6) өз құзыреті шегінде мәдени құндылықтарға қолжетімділікті қамтамасыз ету;

7) шығармашылық одақтармен, үкіметтік емес және басқа да қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау болып табылады.

17. «Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамалық тәртіпте өзіне жүктелген  міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) ведомстволық тиесілігіне қарамастан, мәдени-ағарту мекемелерінің, мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарының облыстың мәдениеті мен өнер жетістігін көрсетуге байланысты, облыста және одан тысқары жерлерде өткізетін фестивальдары мен кәсіптік және көркемөнерпаздық күндеріне, көркемөнерпаздар ұжымдары мен орындаушылар конкурстарына және басқа да мәдени-демалыс іс-шараларына басшылық жасауды жүзеге асырады;

    2) мекемелер мен кәсіпорындардың драмалық, музыкалық, хореографиялық, бейнелеу, декоративтік-қолданбалы және эстрадалық өнердің жоғары көркемдік туындылар жасалуын қамтамасыз ететін конкурстар мен басқа да іс-шараларды өткізу қызметіне басшылық жасайды;

    3) репертуарға және орындалу сапасына, сондай-ақ облыс халқының мәдени – ағарту, концерт – театр қызмет көрсетумен, кинобейне көрсетілімдермен қамтамасыз етілуіне бақылауды жүзеге асырады;

    4) облыс Әкімінің аппаратына облыстың мәдениет пен өнер қайраткерлеріне Қазақстан Республикасының құрметті атақтарын беру, ордендермен және медальдармен,  басқа да наградалармен марапаттау туралы ұсыныстар енгізу, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне ұжымдарға «Халықтық» атағын және «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісін т.б. беру туралы ұсыныс енгізеді;

    5) облыс аумағындағы тарихи-мәдени мұраларды қорғау, жаңғырту және пайдалану саласындағы заңнаманың сақталуын бақылайды;

  6) тарихи-мәдени ескерткіштерді есепке алу, қорғау, жаңғырту, пайдалану және насихаттау жөніндегі жұмысқа бақылауды жүзеге асырады, жобалық-сметалық құжаттаманы жасауға қатысады;

    7) баспа өнімдерінің шығармаларын, музыкалық аспаптарды, декоративтік-қолданбалы өнер бұйымдарды, көркемдік, тарихи және басқа да мәдени құндылықтарға белгіленген тәртіппен мәдени құндылықтарды облыстан және Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік береді;

    8) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөніндегі сараптама комиссиясын құрады;

    9) белгіленген тәртіппен жоспарлы-экономикалық қызметінің негіздерін әзірлеп «Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарына енгізеді, бухгалтерлік есеп пен есептілігін бақылайды, тиісті аумақта орналасқан мәдениет ұйымдарының қызметіне мониторингті жүзеге асырады және уәкілетті органға ақпарат, сондай-ақ белгіленген нысанда статистикалық есептер береді;

    10) қалалар мен аудандар әкімдеріне мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарының басшыларын қызметке тағайындауға және қызметтен босатуға келісімін береді;

    11) «Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бөлімшелерінде, мемлекеттік мекемелерінде, мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарында өндірістік-шаруашылық және әлеуметтік-тұрмыстық жағынан қамтамасыз етудің жүргізілуіне бақылауды жүзеге асырады;

    12) облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын, сондай-ақ «Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мекемелері мен кәсіпорындарының қызметкерлерін аттестаттаудан өткізеді;

    13) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

    18. «Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және функцияларын жүзеге асыру кезінде атқару кезінде белгіленген тәртіпте мынадай құқығы бар:

  белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан өзінің функциясын орындауға қажетті ақпараттарды сұратуға;

  «Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша консультативтік-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық-техникалық және өзге де көмек көрсетуге;

  «Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі бөлімдерінің ережелерін бекітуге, өзгерістер мен толықтырулар енгізуге;

  ведомствосына қарасты бөлімшелердің даму жоспарлары мен оның орындалуы жөніндегі есептерін қарауға, келісуге және бекітуге;

  ведомствосына қарасты бөлімшелердің даму жоспарының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асыруға;

  «Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарауындағы мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың балансына берілген мүліктердің пайдалану тиімділігі мен сақталуына бақылауды жүзеге асыруға;

  «Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарауындағы мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың құрылымы мен шекті штат санын анықтауға;

  жылдық қаржы есептілігін бекітуге;

  облыстың мәдениет және өнердегі мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарының қаржы-шаруашылық және өзге де қызметтеріне тексеріс пен тексеру жүргізуге;

    тиісті аумақта орналасқан мәдениет ұйымдарының қызметіне мониторингті жүргізуге;

  Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.

3. Маңғыстау облысының мәдениет басқармасының қызметін ұйымдастыру

19. «Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

20. «Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

21. «Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

22. «Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:

1) өз орынбасарларының, бөлім басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

2) «Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы» қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) заңнамада белгіленген тәртіпте «Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің  қызметкерлеріне  тәртіптік жазалар береді және  көтермелеу  шараларын қолданады;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұйрықтар шығарады, барлық қызметкерлердің орындауларына міндетті тапсырма береді;

  5) «Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат кестесін, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелердің ережелерін бекітеді;

6) барлық мемлекеттік органдарда және ұйымдарда «Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы»  мемлекеттік мекемесінің  мүддесін білдіреді;

7) қалалар мен аудандар әкімдіктерімен қалалық және аудандық бөлім басшылары лауазымына орналасу үшін конкурстар өткізу кезінде, конкурстық комиссияларының жұмысына қатысуға құқылы;

8) ерлер мен әйелдерді басшылық қызметке ұсыну кезінде гендерлік теңгерімнің сақталуын қамтамасыз етеді;

9)  «Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі жұмысқа дербес жауапты болады;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттікті жүзеге асырады.

23.  «Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін атқаруды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

24. «Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінде оның жұмыс органы болып табылатын, басшы, оның орынбасарлары, бөлім және оған қарасты ұйымдар басшылары құрамында алқа құрылады. Алқа құрамына өзге де адамдар кіруі мүмкін.

Алқаның дербес құрамын лауазымы бойынша алқа төрағасы болып табылатын, «Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы бекітеді.

Алқа шешімі алқа мүшелерінің жай көпшілік даусымен қабылданады, дауыстар тең болған жағдайда, алқа төрағасы шешім қабылдайды.

Алқа шешімі облыстың барлық мәдениет саласы бойынша органдарының орындауы үшін міндетті алқа қаулысымен іске асырылады.

4. Маңғыстау облысының мәдениет басқармасының мүлкі

25. «Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар.

26. «Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

27. «Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.

28. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

29. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысы бойынша жүргізіледі.

30. Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан  Республикасының  заңнамасына сәйкес тіркеледі.

6. Маңғыстау облысының мәдениет басқармасын қайта ұйымдастыру және тарату

31. «Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Маңғыстау облысы әкімдігімен жүзеге асырылады.

Маңғыстау облысының мәдениет басқармасының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

32. Маңғыстау облысының мәдениет басқармасының «Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы» мемлекеттік мекемесі, Маңғыстау облысының мәдениет басқармасының «Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы» мемлекеттік мекемесі, Маңғыстау облысы әкімдігінің Маңғыстау облысының мәдениет басқармасының «Маңғыстау облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, Маңғыстау облысының мәдениет басқармасының «Маңғыстау облыстық қуыршақ театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, Маңғыстау облысы әкімдігінің Маңғыстау облысының мәдениет басқармасының «Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, Маңғыстау облысы әкімдігінің Маңғыстау облысының мәдениет басқармасының «Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, Маңғыстау облысы әкімдігінің Маңғыстау облысының мәдениет басқармасының «Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, Маңғыстау облысының мәдениет басқармасының «Мұражай кешені» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, Маңғыстау облысының мәдениет басқармасының «Бейнеу мұражайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, Маңғыстау облысы әкімдігінің Маңғыстау облысының мәдениет басқармасының «Отпан» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны. 

__________________________


10 сентября 2014

Ақпараттық ресурстар